ТДМ шеңберінде театрға бару

3 қараша, 2023

Қараша айының 3-күні “6B02304 - Аударма ісі” мамандығының 1 курс студенттері топ эдвайзері Р.А.Төрехановамен  “Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында”  қойылған “Оптимисттік трагедия” атты қойылымды тамашалауға барды.                               

   Қойылымда 1917 жылы революциялық флот кемелерінің біріндегі орын алған драмалық оқиғаларды бейнеленеді. Бұл спектакль — соғыстың адам өмірінің құндылықтарын жойып жіберетін жойқын және мағынасыз элементтер жайлы.Қойылымнан студенттер өте жақсы әсер алды және де бұл қойылымның ерекшелігі оның адам эмоциялары мен сезімдерін бей-жай қалдырмайтынында.

Қорытындылай келсек театр ол жай ғана қойылым көрсететін орын емес ол осы қойылым арқылы сол уақыттағы өзекті мәселелерді айқын көрсету орны болып табылады.