Қазақстандағы реформалардың экономикалық өсуге әсері
9 қараша, 2023
2023 жылдың 1 қараша күні «Экономика» кафедрасының «Экономика» мамандығының 1-ші курс магистранттары арасында «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» (8 ТДМ) тақырыбында іс-шара өтті. Шара барысында Қазақстандағы реформалар мен оның экономикалық өсуге деген әсерлері қарастырылды. Іске асырылып жатқан реформалардың мақсаты – орта және ұзақмерзімді кезеңдерге арналған елдің инклюзивті және тұрақты дамудың негізі болатын Қазақстанның жаңа экономикалық жүйесін қалыптастыру екендігі айқындалып көрсетілді. Іс-шара кезінде студенттер арасында экономикалық өсуге әкелетін факторлар туралы дискуссиялар жүргізіліп, тақырып көлемінде презентациялар ұсынылды.
Ұйымдастырушылар: Даулиева Г.Р., Кондыбаева С.К., Тураров Д.Р.,
Иляшева Г.К.
Басқа жаңалықтар
15 қаңтар, 2025
15 қаңтар, 2025