ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ ТДМ 9 бағытын қолдайды

7 қараша, 2023

ЖОО- ҒА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ауған тыңдаушыларына ресми түрде  Университеттің символдық "Студенттік билеті" саналатын ID картасы табысталды. Айта кетсек,  Тұрақты даму мақсатының (ТДМ)  9-шы түрі— Тұрақты инфрақұрылымды жасау, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу болып табылатыны белгілі. Осы орайда университетіміздегі цифрлық қауіпсіздік жоғары деңгейге қойылғаны мәлім. ҚазҰУ жастары университеттің ішкі тәртібіне бағынады. Білім алушылардың қарым- қатынасы мен қауіпсіздігі үшін ID картасы белгіленген. Университет қабырғасында жүрген барлық қызметкерлер, оқытушылар құрамы және студент жастарына ID карта беріледі. Шетелдік тыңдаушылар аталмыш құжат арқылы кітапханаларға тіркеліп, барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларға кіріп-шыға алады.
Цифрлық Қазақстан  бағдарламасы бойынша ел экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды,  болашақта цифрлық экономикасын құруға көшуге жағдай жасауды көздейді. Тыңдаушыларға сәттілік тілейміз.