Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 4) аясында Кітапхана- рухани қазына.

9 қараша, 2023

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары ҚазҰУ қалашығында орналасқан әл-Фараби кітапханасына барып, қызықты мәліметтермен танысты. Бұл кітапхана университеттің  ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы болып табылады. Кітапхана гиді Көбегенова Құндыз шетелдік тыңдаушыларды Ғұлама ойшылға арналған мұражайға апарып, оның еңбектері мен ол туралы жазылған отандық және шетелдік басылымдар  қойылған көрмені көрсетіп, әйгілі  қайраткерлерге арналған залдарды аралатып,  сирек және құнды кітаптар қоры мен цифрлы оқу залымен жан- жақты таныстырды.