ТДМ 4 аясындағы "Сапалы білім беру"

10 қараша, 2023

Ертеңгі бәсекеге қабілетті тұлға – бүгінгі партада отырған оқушылар. Олар – еліміздің ертеңі, дамыған елдермен иық тіресіп, тереземізді тең ұстап, әлемдік бәсекеде үкілі үмітімізді ақтайтын ұрпақ.Сол ұрпаққа сапалы білім беру – әрбір ұстаздың парызы. Ал, білім беру жүйесі – қай кезеңде болмасын қызығы мен қиындығы мол күрделі сала. Оқушыларға жүйелі білім беріп, білікті азамат етіп шығару ұстаздар тарапынан үлкен ізденіс пен қажырлылықты талап етеді.Білікті ұстаздарымыздың сапалы білім жолындағы ерекше атмосфераны қалыптастырған ашық сабақтар көрінісі.