- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ кафедрасындағы ТДМ 16 аясында өткізілген шара
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ кафедрасындағы ТДМ 16 аясында өткізілген шара
№14-ші студенттер үйінде ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен ТДМ 16 аясында «Республика күні - Ұлттық мереке»тақырыбында дәріс өтілді. Дәрісті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушы Мәжиқызы Нұрлыхан оқыды. Дәрістің мақсаты: жастарға 1990 жылғы 25 қазан - Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне батыл қадам жасалған күн болғандықтан. Ұлттық мерекеміз екендігін түсіндіру, нәсихаттау. Жастардың отансүйгіштік рухын көтеріп, патриоттық сана-сезімдерінің артуына үлес қосу. Дәріс барысында «Қазақстанның егемендігі туралы Декларацияның» қабылдану тарихы, оның ұлттық мереке болып бекітілуі, тәуелсіз ел болудағы бұл күннің мәні мен маңызы жайлы айтылды. Дәріске шетелден келген этникалық қазақ тыңдаушылары қатысты. Дәріс жоғары деңгейде өтті.