Қазақстан - зайырлы, демократиялы мемлекет

23 қазан, 2023

  Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы  кафедрасында ТДМ-16 тақырыбының аясында «Қазақстан-зайырлы, бейбіт мемлекет» атты ашық тәрбие шарасы өткізілді. Тәрбие шарасының мақсаты - төрткүл дүниеден жиналған тіл үйренушілердің арасында татулықтың тұғырын нық орнату. Түрі басқа- тірегі бір, тілі басқа-тілегі бір шетелдік азаматтарға еліміздегі саяси тұрақтылық, этностар арасындағы бір-бірінің мәдениетіне деген құрмет миссиясын дәріптеу болды.