ТДМ -6 «Таза су және санитария» бағыты бойынша

5 қазан, 2023

ТДМ -6 «Таза су және санитария» бағыты бойынша Жоғары оқу орынына дейінгі дайындық факультеті колледжі оқытушылары жалпыуниверситеттік сенбілікке шығып,  университеттің Масанчи көшесінде орналасқан оқу ғимаратының маңайын тазалады. Талдарды әктеп, айналаны сыпырып, оқу ғимаратының айналасын көркейтуге өз үлестерін қосты. Күздің жаймашуақ күнінде оқытушылар керемет атмосферада, ұжымдық рухты көтеретін сенбілікті жоғары құлшыныста атқарды