Ортақ мекен - жер шары

2 қараша, 2023

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында ТДМ-6 «Таза су және тазалық» тақырыбына сәйкес «Ортақ мекен - жер шары» тақырыбында шетелдік тыңдаушылармен өткен тәрбиелік іс шара  бүгінгі күні адамзаттық өзекті мәселе болып отырған экологияға арналды. Қазақстан жерінде экологиялық аймақтар туралы мәліметтер берілді, ауыз судың азаю қаупі, Арал теңізінің тартылу себептері, Невада -Семей қозғалысы туралы ақпараттарға толы тәрбие сағатында шетелдік тыңдаушылар Қазақстандағы экологиялық проблемалар туралы толық әрі қызықты мәліметтерге қанықты. Кураторлық іс шара барысында өз елдеріндегі экологиялық мәселелер ортаға салынып, шынайы сұқбат, әңгімелесу болды. Олар өз елдеріндегі су тапшылығын болдырмау бағытында жасалатын әрекеттер туралы мүмкіндіктерінше тартымды етіп әңгімелеп берді.