ТДМ-3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат»
17 қазан, 2023
ТДМ -3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тақырыбы аясында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары шетелдік тыңдаушылармен «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ашық тәрбие шарасын өткізді. Тәрбие шарасының мақсаты шетелдіктерді ұлттық ойын түрлерімен таныстыру. Халқымыздың ойындарының басым көпшілігі ат үстінде ойналатын ойындар екендігін айтып, бұл ойындар мықтылыққа, ептілікке, дәлдікке тәрбиелейтіндігі туралы ақпараттар берілді. Тәрбие сағаты барысында шетелдік тыңдаушылар жастар арасында ойналатын «Бес тас», «Орамал тастамақ», «Арқан тартыс» ойындарының техникасымен танысып, топқа бөлініп ойна көрді.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024