"It - қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу" ашық сабағы

10 қараша, 2023

Қазіргі әлемде ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік ұйымдар үшін маңызды құралға айналды. Алайда, it-ге тәуелділіктің жоғарылауымен киберқылмысқа байланысты қауіптер деңгейі де артады. 2023 жылғы 07 қарашада (БҰҰ ТДМ №4 "сапалы білім беру" шеңберінде) Мақан Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының 2 курс докторанты, полиция майоры Кубанова Нұргүл Байтокқызы "it - қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу"атты ашық сабақ өткізді. Кубанова Нұргүл Байтокқызы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін, оның ішінде киберқауіптерді анықтау мен залалсыздандырудың негізгі тәсілдерін атап өтті. Осы іс-шара аясында қатысушылармен интернет-кеңістікте қандай қауіптер бар, киберкеңістікте өздерін қорғаудың қандай тәсілдері талқыланды. Іс-шара жұмысының нәтижесі интернет-қылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша практикалық ұсынымдар болды.