ТДМ 17.Тұрақты даму үшін серіктестік

3 қараша, 2023

Теориялық және ядролық физика кафедрасының жас ғалымдары, студенттері, магистранттары және докторанттары  2023 жылдың 3-қарашасында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы және Ядролық физика институтының ұйымдастыруымен ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша «Біріккен ядролық зерттеулер институты»  (Ресей Федерациясы) жас ғалымдарының қатысуымен  ғылыми академиялық семинарына қатысты.

Семинардың  мақсаты Ұлттық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы халықаралық ядролық зерттеулер орталығындағы ҚР тобының жұмысымен танысу болды.Семинар барысында жас ғалымдар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.