ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат

10 қараша, 2023

02.11.2023 ж. Фараби университеті, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сұңқар кубогы – 2023» мини-футбол ойындары өтті.

«Сұңқар кубогы – 2023» мини-футбол ойындары жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін МЕГА жобаларымыздың бірі. Биылғы жылдың тартысы ойынында 12 факультеттен 12 команда бақ сынады.

Он екі команда ішінен физика-техникалық факультеті үшінші орын иеленді. Арнайы дипломмен және жиырма мың теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды. Ең үздік қақпашы номинациясын Жолмырза Жандос иеленді.