ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат

10 қараша, 2023

28.10.2023 ж. физика-техникалық факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен «Декан кубогы – 2023» КВН ойындары өткізілді. Ойынға жалпы бес команда қатысты. Бірінші орынға кубок сонымен қатар жеті мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық, екінші орынға бес мың теңге көлемінде, ал үшінші орынға үш мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалды. Сонымен қоса барлық қатысқан командаларға Декан қолы қойылған диплом табысталды.

Нәтижесінде:

І-орын «Фортинайт» командасы

ІІ-орын «Айқай-шу» командасы

ІІІ-орын «410 Б» командасы  иеленді.

Сонымен қатар «Үздік ойыншы», «Үздік Stand Up» номинацияларымен марапатталды. Оларға екі мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді

Нәтижесінде:

«Үздік ойыншы» Султамуратов Азамат

«Үздік Stand Up» Шарибов Алишер иеленді.

 Және де екі команда қонақ болып өз өнерлерін көрсетті. Олар: Химия және химиялық технология факультетінен «ХИМФАК» құрамасы, Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінен «БОСТОН»  құрамасы.