2023 жылдың 10 қараша күні Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасында БҰҰ ТДМ (Мақсат 4: Сапалы білім)аясында кездесу өткізілді. Кездесу қонақтары: Алматы қаласы әкімінің аппаратынан Біржанов Н.Б. және Муканова Я.Е., Алматы қаласы полиция департаментінен Бостандық ауданының полиция басқармасынан Токуров С.М., Алматы қаласының полиция департаментінен Агайдарова А.Е., Алматы қаласы адвокаттар палатасынан Балабаева Ш.Ж.
Модераторлар: Азаматық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі Сулейменова С.Ж., з.ғ.к., доцент Мұқалдиева Г.Б., PhD, аға оқытушы Асанова С.Э., з.ғ.к,доцент Ермұхаметова С.Р., аға оқытушы Алкебаева Д.А.
Вебинарға заң фaкультетінің студенттері мен магистранттары қатысты. Адвокат Балабаева Ш.Ж. мен Әділет Департаментінің құқықтық насихат және халыққа заң қызметін көрсету бөлімінің бас маманы Агайдарова А.Е. студенттерге өз қызметтерінің қыр- сырларын түсіндіріп, өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Жұмыс барысындағы істерге қатысуын, қиындық тудырған сонымен қатар, қызық болған істерді шешу жолымен таныстырды. Студенттер өз сұрақтарын қойып, алдағы уақытта қажет болатын құнды мәліметтер жинақтады. Іс барысында басшылыққа алу керек құндылықтармен таныстырды. Алматы қаласының әкімі аппаратының заң бөлімінің бас мамандарына да актуальді сұрақтар қойылды. Кездесу қатысушыларына алғыс білдіреміз.