Кітапханашы мерейі

10 қараша, 2023

Кітапхана – оқырман үшін үлкен тәрбие мек­те­бі, сансыз сұрақтардың жауа­бын табуға болатын сиқыр­лы да киелі орда. Осынау ғы­лым мен тех­никаның дамыған зама­нында оқыр­ман мен кітапты байланыс­ты­ра­тын алтын көпір кітап­ха­на болса, сол мәдени мекеменің қиындығы мен қызығын бірге арқалап ең­бек етіп, оқырманның ру­хани талап-тілегін қана­ғат­тан­ды­рып, білім шуағын ша­шып жүрген біздің кі­тап­ханашылар. 

 

Білім мен ғылымның, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, рухани құндылығымызды көздің қарашығындай қорғап, на­си­хат­тап, ел игілігіне жаратып жүр­ген еңбегі көп елене бер­месе де, қоғам мен мем­ле­кет­тің дамып, өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екенін ешкім жоққа шығара алмайды.

Әл-Фараби кітапханасы – 2 миллионнан аса кітап қоры және толық мәтінді электронды ресурстары бар елдегі ең ірі университеттік кітапхана. Уни­верситеттің 16 факульте­тін­де оқитын 25 мың бакалавр мен магистранттарға, докторант­тарға және 3000 оқытушы-про­фессорлық құрам мен қыз­мет­керлерге оқу-тәжірибе, ғы­лы­ми-зерттеу үдерістерінде ақпараттық-кітапханалық қыз­мет көрсетуде. Күнделікті жаңа келген газет-журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқыр­ман­дар, студенттер, оқытушылар, қызметкерлер легі толаста­май­ды. Кітапхана қызмет­кер­лері оқырмандарға сапалы қыз­мет көрсете отырып, өз бі­лігін арттыру мақсатында отан­­дық және шетелдік түрлі он­лайн семинарлар мен ғы­лыми конференцияларға қаты­сып отырады.

Республика күніне орай, Әл-Фараби кітапханасында мере­ке­лік іс-шара өтті. Осы іс-ша­рада университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ж.Түй­ме­баев Республика күнімен құт­тық­тап, жетістіктерімізді атап өткені кітапхана ұжымын мар­қай­тып тастады. Универ­си­тет­тің дамуына белсене араласып, отандық білім мен ғылымның өркендеуіне қосқан айрықша үлесі үшін Ақпараттық қызмет көрсету басқармасының бас кітапханашы-менеджері А.Ай­дар­ханова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қорды жинақтау жә­не сервистік қолдау бас­қар­масының басшысы Г.Ес­ләм­ға­лиева Құрмет грамо­та­сы­мен, бас кі­­тап­ханашы-менеджерлер М.Шо­маева, М.Жаманкөзева, М.Нұрымбетова Алғыс хатпен марапатталды.

Республика күнімен қатар келген Кітапханашылар кү­нін­де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Парасат» кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұжымда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Кі­тап­хана директорының орын­ба­сары Ж.Арекенова әріп­тес­терін кәсіби мерекемен құт­­тық­тап, ҚазҰУ Басқарма мү­­шесі – ғылыми-инновация­лық қызмет жөніндегі прорек­тор Ж.Айтжанованың және кі­тап­хана әкімшілігінің аты­нан А.Ерекеш, Қ.Көбегенова, Қ.Са­­ғымбаева, Г.Шы­мырбаева, А.Кун­­каев, А.Мұқанова, А.Бал­­қа­шева, Б.Әзімхан, М.Құ­са­йын­ов, М.Тағаева, А.Қо­жах­ме­това Алғыс хатпен ма­­ра­­пат­талды.

Қалима ТОЛЫМБЕК,

Әл-Фараби атындағы кітапхананың кітапханашы-менеджері, магистрант