Индустрияландыру, инфрақұрылым және инновация

9 қараша, 2023

09 қараша 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлеĸет жǝне құқық теориясы мен тарихы, ĸонституциялық жǝне ǝĸімшіліĸ құқық ĸафедрасы мен «С.Зимановтың кіші академиясы» клубы 2 курс студенттері ТДМ 9 қағидаты «Индустрияландыру, инфрақұрылым және инновация» байланысты «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінде ашық сабақ өткізді. Модераторы заң ғылымдарының ĸандидаты Турсынĸулова Динара Ахановна, спиĸерлері 2 ĸурс студенттері Қаленов Мейіржан, Досжан Фатима. 

Ашық сабақта студенттер Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту бойынша презентация,баяндамаларын жасап, осы баяндаманың шеңберінде 1 курс студенттерімен викторина өткізді.  Викторинаның шарты бойынша студенттер командалық топтарға бөлініп,  сұрақтарға белгілі уақыт арасында жауап беріп, әр команда өз пікірлерімен бөлісіп, командаларымен ұпай жинады. Студенттер инновацияның тұрақты даму процесіндегі негізгі рөлін атқаратынын, жаһандық  мәселелерді шешудің жаңа және тиімді тәсілдерін жасауға мүмкіндік беретінін, экологиялық салада инновация адамзаттың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға көмектесетінін, экологиялық таза технологиялар мен өндіріс әдістерін дамытудағы рөлін, экономикада инновациялар жаңа индустриялар мен бизнес үлгілерін дамытуға, жұмыс орындарын құруға және өнімділікті арттыруға ықпалын ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. Қорыта келгенде, инновация, инфрақұрылым және индустрияландыру - қазіргі әлемнің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Ұйымдастырушы: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы, «С.Зимановтың кіші академиясы» клубы.

Жауапты: заң ғылымдарының кандидаты Турсынкулова Д.А.