Денсаулық және әл-ауқат

9 қараша, 2023

09.11.2023 ж. мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы және «Мемлекеттік және құқық тарихы» студенттік клубының мүшелері з.ғ.к., доцент Н. К. Мынбатырованың жетекшілігімен «ТДМ 3: Денсаулық және әл-ауқат» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «6В04205 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша 1-2 курс студенттері үшін Алматы қаласы бойынша ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының профилактикалық жұмыс бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Аралбаева Қамшат Саматқызының «Адамның иммундық тапшылық вирусы және оның алдын алу шаралары» тақырыбында ақпараттық дәрісін ұйымдастырды. 
Дәріс барысында дәрігер-эпидемиолог К.С. Аралбаева АИТВ ұғымы, оның белгілері, АИТВ жұқтыру жолдары, қауіп факторлары, диагностика және алдын алу шаралары сияқты маңызды мәселелерге тоқталды. Дәріс аяқталғаннан кейін студенттер эпидемиолог-дәрігерге белсенді түрде сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды