Тұрақты даму мақсаттары: №17. Тұрақты даму үшін серіктестік.

7 қараша, 2023

Тұрақты даму мақсаттары: №17. Тұрақты даму үшін серіктестік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің Компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессоры ф.-м.ғ.д Балакаева Гульнар Тултаевнаның АР09259208 «BigData технологияларын пайдалана отырып кәсіпорынды цифрландырудың масштабталатын ақауларға төзімді ақпараттық жүйесін құру» тақырыбындағы ғылыми жобасының негізгі нәтижелерін талқылауға арналған Компьютерлік ғылымдар кафедрасында ғылыми семинар өтті. Семинарға шетелдік ғалымдар Ньюкаксл университетінің профессорлары Chris Phillips, Paul Ezhilchelvan қатысты. Семинарда Компьютерлік ғылымдар кафедрасының доцент м.а.,PhD Даркенбаев Д.К., аға оқытушы Калменова Г.Б., 8D06104- Компьютерлік ғылымдар мамандығының докторанты Жанузаков Мұхит баяндама жасады.