Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы 5 қыркүйек Қазақстан халықтары тілдер мерекесіне орай, әлемнің түкпір-түкпірінен келіп қазақ тілін үйреніп жатқан шетелдік азаматтардың ҚР мемлекеттік тіліне деген құрметтері үшін алғыс білдірді. Қазақстан Республикасында да 100-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Сонша тілде сөйлейтін адам бар деседе болады. Дегенмен бәрінің басын бір шаңырақ астында біріктіріп, достықпен бейбітшілікте өмір сүруіне ықпал етіп отырған мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Осы орайда шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұжымы шетелден келген тыңдаушыларға аталмыш мерекенің маңыздылығын түсіндіру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Сонымен қатар дәл осы күні ұлт ұстазы, реформатор, тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының да туған күні. Қазақ тіл білімінде, қазақ қоғамында Ахмет Байтұрсынұлының алар орны ерекше. Тіл мерекесімен ұлт ұстазының туған күні егіз ұғымдай, бір-бірінен ажырамас бөліктей көрінеді. Кафедра ұжымы шетелдік студенттерді Ахмет Байтұрсынұлының өмірі және еңбек жолымен таныстыру үшін мұражай-үйіне әр жылы саяхатқа апарады. Тыңдаушылар мұражайда тың ақпараттармен танысады. Осы іспеттес іс-шаралар жыл бойы жалғасын табады деген ниеттеміз.