ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

12 қараша, 2023
  • Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырылды.
  • Ректор «Экономиканы декарбонизациялаудың жаңа жолы (KZGT-2023)» тақырыбындағы І халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, сөз сөйледі. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Қырғыз Республикасының тұңғыш Президенті, РҒА академигі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Асқар Ақаев пен Ресей Ғылым академиясының академигі, РҒА Мұхиттану институтының ғылыми жетекшісі  Роберт Нигматулинның ҚазҰУ ғалымдарымен кездесуіне қатысты. 
  • Оқу ордасының басшысы Индонезиядағы Даруссалам Гонтор университетінің ректоры Фахми Хамид бастаған делегациямен кездесу өткізді. Жүздесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
  • ҚазҰУ басшысы «Экономиканы декарбонизациялаудың жаңа жолы (KZGT-2023)» тақырыбындағы І халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға арнайы келген Санкт-Петербор политехникалық университетінің ғалымдарымен жүздесті. 
  • Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласында өткен ІІ Түркі универсиадасында жеңіс тұғырынан көрінген ҚазҰУ спортшыларын құттықтады.