Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы биолог-магистранттарға стипендия табыс етті

10 сәуір, 2015

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы білім беру әлеуметтік жобасы және өзінің әлеуметтік жауапкершіліктерін орындау аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасының оқуда өте жақсы көрсеткіштерге жеткен, әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтамасыз етілген студенттеріне арнайы стипендиялар тапсырды.

Аталған жоба 2013 жылы бастама алып, қазіргі таңда осы жоба аясында ҚазҰУ-дың 8 магистранты компаниядан көмек алуда.

Атаулы сыйлықтар университеттің Ғылыми Кеңесі отырысында ұсынылды. Компания өкілі Исаева Гүлжамал ханым кафедраның «Медика-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім алатын магистранттар – Дохдырбай Мақпал, Бісмілдина Гаухар, Орынбасарова Арайлым мен Сұлтанәлі Қаламқасқа оқуда сәттілік және қажетті кәсіби шеберлікті меңгерулерін тілей отырып сертификаттар мен степендияларды ұсынды.