А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры Айдын университетінде болды.

3 қараша, 2023

А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы А.Б. Салқынбай 26 қазан мен 3 қараша аралығында Стамбул қаласында ғылыми іссапарда болды. Іссапар барысында Анар Бекмырзақызы Стамбул университетіндегі ғалымдармен кездесіп, пікір алмасып, Стамбул университетінің кітапханасында ғылыми материалдар жинақтады. Ғалым «Айдын» университетінде Абай шығармашылығы туралы дәріс оқыды.