Төлем жүйелері және цифрлық технологиялар

13 қараша, 2023

21 ғасырда технологияны түсіну және нарықтың жұмыс істеу принциптерінен хабардар болу маңызды. Болашақ қоғамды тұрақты дамытуда ТДМ 4-ші мақсаты – «Сапалы білім беру» және 8-ші мақсаты – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсаттарын жүзеге асыруда 17-ші мақсат – «Тұрақты даму үшін серіктестік» арқылы қаржылық сауаттану өте маңызды. ҚазҰУ-нің ЭжБЖМ-де Экономика кафедрасының ұйымдастырылуымен қараша айының 10-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы - Танатаров Алишер Нұрланұлы «Төлем жүйелері және цифрлық технологиялар» тақырыбында танымдық конференция өткізді. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қалай қамтамасыз етілетіндігін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуда қандай шаралар жүргізілетіндігін айтып,  киберқауіпсіздік қызметі туралы да атап өтті.