ТДМ 4:Сапалы білім беру аясында “Тұғыры биік төл теңге” атты іс-шара өткізді

14 қараша, 2023

2023 жылдың 13 қыркүйек күні Экономика жане бизнес жоғары мектебі "Қаржы және есеп" кафедрасының
куратор-эдвайзерлері Г.И. Супугалиева,  Ж.К. Жорабаева 
«Қаржы» мамандығы 3 курс студенттерімен  ТДМ 4 Сапалы білім беру аясында “Тұғыры биік төл теңге” атты іс-шара өткізді. Бұл іс-шара теңгенің 30 жылдық мерекесіне орай жасалынған. Қойылымда студенттер тарихымыздағы маңызды оқиғаларды көрсете отырып , Тәуелсіздікке  қандай қиындықтар арқылы кол жеткізгенімізді көрсетті. Студенттер теңгенің шығу тарихынан қойылымдар койып, өнерлерін керсете отырып, ән шырқауларымен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
30 жылда Қазақстандық валютаның күрделі және турбулентті кезеңдерден өткендігіне өзіміз куәгерміз. Бүгінгі күні теңге – тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің нышаны, қазіргі заманның бөлігі және Қазақстанның болашағы.