Студенттердің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне қызығушылыған арттыру

14 қараша, 2023

Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын (4-ші мақсат "Сапалы білім беру") іске асыру үшін 07.11.2023 ж. сағат 09.00-ден 11.00-ге дейін  "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша 4-курс студенттерімен куратор, қауымдастырылған профессор С. А. Кошкимбаеваның жетекшілігімен және Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып "Студенттердің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне қызығушылыған арттыру" тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

 Семинар бағдарламасына орай, ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Мейірхан Нұрахунұлы Мухамедиев департаменттің құрылымымымен және  бөлім басшыларымен таныстырды. Мекеме басшысының міндетін атқарушы Гаухар Сұлтанқызы Каткенова кіріспе сөз сөйледі. “Мемлекеттік қызметке тұру тәртібі” туралы персоналды басқару бөлімінің басшысы Зейнолла Бекмырзаұлы Салқынбаев таныстырып өтті. Семинар барысында студенттердің  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне қызығушылығын арттыру мақсатында әр бөлім басшысы өз бөлімдерінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері жайлы айтып берді. Олар өз қызметіндегі жұмыстың негізгі жүргізу бағытын түсіндірді. Негізгі бөлімдердің тәжірибелі басшыларының бөліскен құнды ақпараттарының арқасында студенттер өздеріне қажетті мәліметтер алып, қай бөлім өздеріне жақынырақ екенін түсініп қана қоймай, болашақта қандай бағытта жұмыс жасайтындықтарын нақтылап алды деуге де болады. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, маңызды тақырыптар талқыланды.

Медицина және денсаулық сақтау факультеті "Студенттердің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне қызығушылығын арттыру" тақырыбында семинарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Алматы қаласы СЭҚД-нің басшысы Қасымхан Алпысбайұлына, орынбасарлары Г. С. Каткеноваға, З. Б. Салқынбаевқа,  ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы М.Н.Мухамедиевке, инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы А.С.Ахметоваға, аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Ж.А.Отарбековаға, ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Д.Б.Бөлегеноваға, коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау  бөлімінің басшысы Г.Қ.Қилыбаеваға, тамақтану  объектілерін бақылау және қадағалау  бөлімінің басшысы Г.Қ.Қонысбаеваға, өнеркәсіп, радиациялық қауіпті объектілерді  бақылау және қадағалау  бөлімінің басшысы Т.Д.Базарқұловаға, білім беру және тәрбиелеу объектілерін  бақылау және қадағалау  бөлімінің басшысы Г.С.Какимоваға, техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Қ. Бекеноваға  алғыс білдіреді.