Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы – Теңгенің 30 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық конференция

14 қараша, 2023

Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы – Теңгенің 30 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы 2023 жылдың 15 қарашасында «Қаржыгерлер» күніне орай студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық конференция өткізеді.

Конференцияға қатысуға Қазақстан мен ТМД елдерінің студенттері мен жас ғалымдары шақырылады. Конференцияның тақырыбы: «Жаһандық сын-тегеуріндер жағдайындағы Қазақстанның қаржы жүйесінің перспективалары». Конференция қонақтары: Ысқақов Ұзан Молдашұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Э. ғ. д., "Нархоз университеті" КЕАҚ профессоры, Ахмад Афанди Махфудз - Индонезиядағы Даруссалам Гонтор университетінің Ислам экономикасы және құқық колледжінің профессоры. Сондай-ақ ТМД мен Қазақстанның басқа да жетекші профессорлары. Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Қатысушылардың баяндамалары конференцияның секциялық мәжілісінде 2023 жылдың 15 қарашасында сағат 15.00-де, 201 аудиториясында тыңдалатын болады. Конференция аясындағы секция жұмыстары мына бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

1. ҚР-дағы қаржы секторын цифрландыру елдің жаңа қаржы ландшафтының өсу драйвері ретінде;

2. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі қаржы секторының рөлі;

3. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуді жаһандану процестерінің оң және теріс салдарына бейімдеу;

4. Экономиканы цифрландыру және оның экономикалық дамуға әсерін бағалау;

5. Тиімді басқару: Қазақстанның тұрақты экономикалық өркендеуінің негізгі факторы.

Конференцияға қатысу және мақала жариялау тегін. Конференция материалдарының тезистері жеке жинақ түрінде басылып шығарылады.

Мақалаларды конференция ұйымдастырушысы 2023 жылдың 12 қарашасына дейін қабылдайды.

Тезистер (мақалалар) төмендегі тәртіппен рәсімделуі тиіс: көлемі 5 бетке дейін;  Windows 98/2000/XP бағдарламасы; Microsoft Word 2003;  беттің параметрлері: жоғарғы жол – 2 см., төменгі жол – 2 см., сол жақ – 2 см., оң жағы 2 см.;

Мәтін компьютерде Times New Roman шрифтімен (өлшемі – 12);  жоларалық интервал 1; абзацтық шегініс – 1 см; кітаптық бағдарлау; үстіңгі және астыңғы колонтитулдары қойылмайды; мәтін ені бойынша тегістелген;  тезис пен мақаланың түпнұсқасы Antiplagiat.ru жүйесінде 85%-дан төмен болмауы керек, материалдар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: turalat@mail.ru

Конференцияны ұйымдастру комитетінің мекен-жайы мен байланыс нөмірлері: Қазақстан Республикасы, 050040, г. Алматы, әлФараби даңғылы, 71.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар:

Сырлыбаева Назгуль Шеңгелбаевна: +77014380935;

Досжан Райгүл Дүкенбайқызы: +77015300030;

Асилова Айжан Сарсеновна: +77473739326;

Тұрмаханбетова Әлия Атабековна: +77013128922.

Жариялануға арналған мақалаларды таңдауды ұйымдастыру комитеті шешеді.