ҚазҰУ спортшысы Oceanman Dubai-2023 жүлдегері атанды
14 қараша, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің студенті Елдар Шекербек Oceanman Dubai-2023 суда жүзуден халықаралық жарыста жоғары нәтижелер көрсетті.
Әлемнің 28 елінен 3000-нан астам спортшы қатысқан додада Елдар Шекербек:
– БАӘ Дубай Парсы шығанағында 10 км қашықтыққа 20-29 жас аралығында ашық суда еркін жүзуден қола жүлдегер,
– ерлер эстафетасында 3х500 метрге жүзуден күміс жүлдегер,
– 3х500 метрге жүзуден абсолютті эстафетада қола жүлдегер атанды.
ҚазҰУ спортшысын жаңа жеңісімен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024