«Т. Жүргеновтің рухани мұрасы және білім беру саласының тұрақты даму мақсаттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

14 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай, осы оқу орынның негізін салушылардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Т. Жүргеновтің рухани мұрасы және білім беру саласының тұрақты даму мақсаттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Өтетін күні және уақыты:

6 желтоқсан 2023 жыл, сағат 11:00

Өтетін орны: «Әл-Фараби» кітапханасы, 416 конференц-зал

URL: Zoom платформасы 86740058016, код:878635

Конференцияның мақсаты:

Мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің өмірі мен рухани мұрасын кең көлемде дәріптеу, оның Орта Азия мен Қазақстанның ғылымы мен білімін, мәдениеті мен өнерін дамытудағы еңбегін зерделеу;

Т. Жүргенов және Қазақстан жоғары мектебі: тарихы мен тағылымы;

Мәдениет, оқу-ағарту, медиакоммуникация салаларының өзара байланысы мен ықпалдастығын айшықтау;

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Темірбек Жүргенов – Түркі әлеміне ортақ тұлға, білім мен өнердің мұқалмас жанашыры, қаламы қарымды публицист;

2. ҚазҰУ- жоғары білім мен ғылымның іргелі ордасы: кеше, бүгін, ертең;

3. Журналистика және гуманитарлық ғылымдар бағытында жаңаша білім берудің мәселелері.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Бағдарламаға ену үшін ұйымдастыру комитетіне 2023 жылғы 25 қарашаға дейін:  қатысушының тіркеу формасы, баяндама электронды түрінде өткізілуі қажет.

Конференция материалдарын ғылыми жинақ түрінде электрондық форматта шығару жоспарлануда.

Қатысу тәртібі:

Баспадан шығуы үшін мақала келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

1. Баяндама (мақала) мәтіні 4 парақтан кем болмауы және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы тиіс.

2. Кестелердің, схемалар мен суреттердің тақырыбы көрсетіліп, Wіndows-да терілген болуы қажет.

3. Парақтың параметрлері: жоғарғы - 2,5 см, төменгі – 2,5 см, оң – 2,0 см, сол -2,5 см.

4. Шрифт: Tіmes New Roman, KZ Tіmes New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық: 1 интервалмен.

6. Бірінші беттің сол жағына міндетті түрде ГРНТИ көрсетілуі тиіс.

7. Жаңа жол: 1,25 см.

8. Келесі жолда – ортасынан баяндама (мақала) тақырыбы бас әріптермен (қою  шрифтпен).

9. Баяндаманың (мақаланың) тақырыбы астына – парақ ортасына бас әріптермен (қою шрифтпен) автор (лар)-дың тегі, аты-жөні жазылады.

10. Одан төмен жұмыс орындалған мекеменің толық атауы (қою шрифтпен).

11. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан – баяндама (мақала) мәтіні.

12. Бір қатардан кейін – Түйіндемесі, баяндаманың аты үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, 4-5 сөйлемнен кем болмау керек.

13. Кілт сөздер (4-5 сөзден тұратын) үш тілде.

14. Қолжазбаның соңында ГОСТ 7.1-2003 талаптарына сәйкес әдебиеттер тізімі мәтін ішіндегі сілтеменің реттілігіне орай нөмірленеді. Кесте мен графикалық материалдар мақаланың мәтініне сай орналастырылады. Суреттер CDR, PDF форматтарында векторлық графикамен салынады.

 

Материалдарды рәсімдеу үлгісі

 

«Т. Жүргеновтің рухани мұрасы және білім беру саласының тұрақты даму мақсаттары»

Т.А.Ә.

Оқу орны

Ғылыми дәрежесі, атағы

(бос жол)

 

Мақаланың мәтіні....................................................……[1, 35-б.]

(бос жол)

Библиографиялық тізім:

1. Иманғалиев Б.С. Алаш ардақтысы Т.Жүргенов туралы не білеміз? // «Жалағаш жаршысы. – 2023. – № 19. – 28 сәуір. – 2-б.

             

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

  1. Тегі, аты, әкесінің аты (толық)                                                      ___________________
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы                                                            ______________
  3. Мекеме, лауазымы                                                                         ____________________
  4. Мекен-жайы                                                                                                                            
  5. Телефон (халықаралық кодпен, ұялы)                    _______________________________

Электрондық пошта                                                                                                           _____

  1. Мақаланың тақырыбы                                                                                            _________

Конференцияға баяндама дайындау  

Тыңдаушы ретінде қатысу

 

Материалдарды мына мекен-жайға жіберуге болады:

Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы. Мақалалар Zer2008@mail.ru  эл. поштасына қабылданады. Ғылыми жинаққа жауапты - Жұмабаева Анар Қалибекқызы, кафедра меңгерушісінің орынбасары, әлеуметтік ғылымдар магистрі, ұйымдастыру комитетінің мүшесі, ұялы тел.:  8 7023243997.

 Редакциялық кеңес баяндаманы таңдау құқығын өзіне қалдырады. Баяндамалар түпнұсқалығын анықтау үшін плагиатқа қарсы лицензиялық жүйеде тексеріледі.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

 

Төрағасы – ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы,             тел.: 8(727) 377 33 33 ішкі 19 42; ұялы тел.: 8 701 993 90 07.

Координатор – филол. ғылымд. кандидаты, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының доценті Иманғалиев Бауыржан Сәбитұлы, тел. 8701 106 3525