«ТДМ -3: Жақсы денсаулық және әл - қуат» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдың қорытыдынсы.

14 қараша, 2023

09.11.23 жылы сағат  14.00 -де Аль -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті, Азаматтық құқық, Азаматтық процестік және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Омиртай Роза эдвайзерлік 116- топ студенттерімен бірге дөңгелек үстел өткізді. 
Дөңгелек үстел Тұрақты даму мақсаттары -3: «Жақсы денсаулық және әл - қуат» аясында « Дені саудың - жаны сау» атты тақырыпта өтті.
 Студенттер белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді:
-    дені сау адамның ішкі жан дүниесі сау болатынын;
-    Ірі қалалардағы ауаның таза болмауының адам денсаулығына зиян екенін;
-    Спортпен тұрақты шұғылдану;
-    Дұрыс тамақтану;
-    Салауатты өмір салтын ұстану т.б қажет екендігін сөз етті.
Ең әуелі адамның ден сау болуы керек пе? Әлде жаны сау болуы керек пе? Деген сұрақтар аясында қызу пікір талас орын алды.