11 қараша 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлеĸет жǝне құқық теориясы мен тарихы, ĸонституциялық жǝне ǝĸімшіліĸ құқық ĸафедрасы мен 1 курс магистранттары ТДМ 4 мақсаты «Сапалы білім беру» байланысты «Ауқымды әділетті сапалы білім беру беруді қамтамасыз ету» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Модераторлары заң ғылымдарының ĸандидаты Турсынĸулова Динара Ахановна, заң ғылымдарының ĸандидаты Куандыков Бакытжан Журсинович, спиĸерлері 1 ĸурс магистранттары Қобландина Аружан Сұлтанбекқызы, Айтасов Сержан Мухитұлы, Мизаш Артур Арманулы.
Ғылыми семинарда магистранттар Қазақстанда сапалы білім беруді дамыту бойынша, диссертациялық жұмыстарының өзектілігі, мақсаты, міндеттері бойынша презентация, баяндамаларын жасап, осы баяндаманың шеңберінде сұрақтар қойылды. Магистранттар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Магистранттар сапалы білім берудің қоғам дамуына әсері мен негізгі рөл атқаратынын, жаһандық мәселелерді шешудің жаңа және тиімді тәсілдерін жасауға мүмкіндік беретінін, білім алу халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың негізін қалайтынын және кедейліктен шығу жолына жетуде көмектесетінін, адамдар арасындағы толеранттылықты арттыруда және бейбіт қоғамдарды құруға көмектесудегі рөлін, сапалы білімнің теңсіздікті азайтуға және гендерлік теңдікке қол жеткізуге ықпалын ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. Қорыта келгенде, әділетті, сапалы білім беруді қамтамасыз ету - қазіргі әлемнің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Ұйымдастырушы: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы, 1 курс магистранттары.
Жауапты: з.ғ.к. Турсынкулова Д.А.