- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет пен өркениеттер сұхбаты» тақырыбында видеоконференция өтті
«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет пен өркениеттер сұхбаты» тақырыбында видеоконференция өтті
2015 жылдың 8 сәуірінде «Ай тұлғасы» жобасы аясында «G-Global» интерактивті алаңында «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет пен өркениеттер сұхбаты» тақырыбында видеоконференция өтті.
Онлайн видеоконференцияның мақсаты қазіргі замандық құндылықтар, мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуы, толерантты сана қалыптастыру мәселесіне қатысты өзекті сауалдарды жетекші отандық және шетелік ғалымдармен талдау және пікір алмасу арқылы әр түрлі елдер мен халықтардың жақындасуы мен өзара әрекеттесуіне ықпалдасатын рухани-адамгершіліктік дағдарыстан шығу, жаңа гуманитарлық парадигманы қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар жасау.
Видеоконференцияда «G-Global» интерактивті алаңының мәдениаралық диалог, ынтымақтастық, тарихи сабақтастықты дамытудағы рөлі, жаһандық ақпараттық қоғам жағдайындағы қазіргі замандық құндылықтар, жалпыадамзаттық құндылықтар дағдарысы және оны шешу жолындағы ізденістер, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты, әлеуметтік келісім мен тұрақтылықты қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесі, әр түрлі елдер арасындағы мәдени алмасу, гуманитарлық байланыстарды дамыту және ынтымақтастықты тереңдету, жастарды рухани-адамгершіліктік және ұлтжандылыққа тәрбиелеу мәселелер талқыланды.
Видеоконференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, философия және саясаттану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ТҮРКСОЙ ғылыми-білім беру және мәдени орталығы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ; Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ; АҚШ, Германия, Голландия, Франция, Финляндия, Испания, Греция, Түркия, Болгария, Оңтүстік Корея, Ресей, Әзірбайжан ғалымдары қатысты.