- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстандағы парламентаризм: жағдайы және дамуының жаңа болжамдары» тақырыбына өткізілген конференция туралы қысқаша ақпарат
«Қазақстандағы парламентаризм: жағдайы және дамуының жаңа болжамдары» тақырыбына өткізілген конференция туралы қысқаша ақпарат
2009 жылдың 10 желтоқсанда Астана қаласы, «Дипломат» қонақүйінің конференц-залында «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм Институтымен «Қазақстандағы парламентаризм: жағдайы және дамуының жаңа болжамдары» тақырыбына ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияның негізгі мақсаты дағдарысқа қарсы стратегиясының мақсаттарын жүзеге асыру және еліміздің дағдарыстан кейінгі даму процесінде қазақстандық парламентаризм институтының рөлі және маңызын, сонымен қатар дамыған демократиялық елдердің позитивті тәжірибесінің негізінде оны жетілдіру мүмкіндіктерін талқылау болған еді.
Конференцияның жұмысына Парламент депутаттары, маслихаттар депутаттары, мемлекеттік органдарының өкілдері, саяси партиялардың өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері, Астана қаласындағы ЕКҚҰ Орталығының өкілдері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, ғалымдар және сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияға қатысушылар Қазақстандағы парламентаризм институтының қазіргі кезеңде дамудың өзекті мәселелерін талқылады. Қатысушылардың пікірінше, мемлекет саяси жаңғыртудың жаңа кезеңіне өтті. Билік тармақтарының арасында тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін сақтай отыра, президенттік нысанынан президенттік-парламенттік нысанына саяси жүйенің трансформациясы елімізге әлеуметтік-саяси ахуалсыз дамуына мүмкіндік береді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ атынан конференцияда Мемлекет және құқық институтының Директоры академик Ғ.Сапарғалиев және Мемлекет және құқық институтының Директорының орынбасары з.ғ.к., доцент А.А. Салимгерей сөз сөйлеген. Атап айтқанда, академик Ғ.Сапарғалиев өз сөзінде Конституцияға өзгерістер және толықтыруларды енгізудің қажеті жоқ, Конституцияға өзгерістер және толықтыруларға қатысты барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының Конституциясына қосымша нысанасында шешу қажет деп көрсетті. Бұл заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, Конституциясының мәртебесін арттырады, оны құқықтық ескерткіші ретінде сақтайды.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылармен жұмыс нәтижелері бойынша ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің, ҚР жергілікті өкілдік органдардың қызметін жетілдіру мәселелеріне қатысты ұсыныстар әзірленді.