Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институты өкілдерінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ-ға сапары

15 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ҚХР Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына: ҚХР ға Шыңжаң экология және география институты директорының орынбасары, профессор, PhD Джилили Абдувайли, профессор, PhD Ли Джунли, профессор, PhD Алим Самат, ғылыми-техникалық жұмыстың жетекші тобының бөлім басшысы, Жібек жолын инновациялық дамыту институтының директоры, Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң филиалы, жетекші басшы, профессор Ванг Вэй кірді.

Сапар барысында құрметті қонақтар жоғары оқу орнының басшылығымен кездесті. Кездесуде ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі – Проректор Ж.Н. Айтжанова және ҚХР Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтының делегациясы Қытай-Қазақстан Бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары зертханасын география және табиғатты пайдалану факультеті базасында ашу мәселесін талқылады. Бұдан әрі Шыңжаң экология және география институтының өкілдері география және табиғатты пайдалану факультетіне барып, екі университет арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, Қытай-Қазақстан Бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары зертханасының ашылуы мен оны қолданудағы әріптестікті нығайтуға ерекше назар аударды.