«Қан мен тер» «Ақбала» — режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің «Қан мен тер» спектаклінің ремейкі.

5 қараша, 2023

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Дайрабекова Г.К.  2023 жылдың 05 қарашасында шетел филологиясы мамандығының 2 курс студенттері мен М.Әуезов атындағы ұлттық драма театрында  «Қан мен тер» спектакль-не барды. «Ақбала» спектаклі 1974 жылы режиссер Әзербайжан Мәмбетов қойған «Қан мен тер» спектаклінің ремейкі болып табылады, дегенмен аты аңызға айналған роман-трилогияның бүгінгі сахналық нұсқасы бұрынғысынан өзге бұл жерде адамзаттық құндылықтарға, кейіпкерлердің жеке қарым-қатынастарына баса назар аударылады, сөз – Ақбала, Еламан, Тәңірберген арасындағы махаббат үштігі және адам азып, қоғамның қабырғасы сетінегенде табиғаттың тылсымнан үн қататыны жайында болды.