ТДМ № 4-Сапалы білім

14 қараша, 2023

  14.11.2023 жылы “Кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы 1 курс, 117 топ студенттерімен бірге БҰҰ-ның Тұрақты дамудың 4- ші мақсаты “Сапалы білім беру” бойынша семинар өткізді. Семинар барысында Қ.Ж.Қуандықов білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді деп атап көрсетті. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылықты талап ететін уақыт. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің  маңызы зор. Саннан сапаға қызмет ету – бүгінгі талаптарының бірі. 
  Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана биікке шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс. Бүгінде оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын жақсарту жолдары бірізділікпен жүйелі жолға қойылып келеді. Осы жайттарды ескере отыра, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті “Кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының оқытушылар құрамы сапалы білім беру мақсатында аянбай еңбек етуде.