Экономика және бизнес Жоғары мектебінде «Фараби әлемі» атты Студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өткізіледі

13 сәуір, 2015

13-16 сәуір 2015 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде «Фараби әлемі» атты Студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өткізіледі.

Конференцияның мақсаты: студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін ашу, барынша дарынды студенттер мен жас ғалымдарды іріктеу мен қолдау, олардың интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, ғылыми мәселелерді шешуге қатыстыру.

Конференцияға Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінен студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар қатысады.

Конференцияда ғылымның әр саласы, оның ішінде экономика ғылымы бойынша теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар, ғылыми әзірлемелер қарастырылатын болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ бағыты бойынша конференция тақырыбы «Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық дамуы Жаңа Экономикалық саясаттың негізі ретінде» болып табылады. Конференция асында келесідей 4 секция бойынша жұмыс жүргізіледі:

  1. Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық дамуын қаржылық қамтамасыз ету.
  2. Қазақстан экономикасын дамытуды басқарудың басым бағыттары.
  3. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі инфрақұрылымдық фактор.
  4. Жаңа Экономикалық саясат шеңберінде есептік-талдау қызметінің трансформациясы.

Мақалалардың тезистері конференция нәтижесінде әр түрлі салалар бойынша жинақ ретінде жарық көреді.