ТДМ 8. “Тұрақты жұмыс мақсаттары және экономикалық даму”

9 қараша, 2023

9 қараша сағат 18:00-18:50 аралығында Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Байелі Ә.Ж және 2 курс магистранттары  Кәмен Ақторғын, Тортай Шұғыланың ұйымдастыруымен 1 курс Шетел филологиясы (батыс тілдері) білім беру бағдарламасының студенттерімен бірге "Лайықты жұмыс және экономикалық даму" тақырыбында іс-шара өтілді. 
Магистранттар ең алдымен "Лайықты жұмыс және экономикалық даму" ұғымының мағынасын түсіндіріп, аталмыш тақырыптың өзектілігін аша түсті. Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселе болып табылатын лайықты жұмыс табу және экономикалық даму  процессіне нақты дәлелден көрсетіледі. Қазіргі жастардың көзқарасын дамытып, ой көкжиегін кеңейту мақсатында өтілген іс-шара студенттердің белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық білдіріп, тақырып қызу талқыға түсті.