ҚазҰУ мен «Қазақ газеттері» серіктестігі артады

16 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлымен кездесіп, серіктестікті арттыру бойынша өзара пікір алмасты.

Кездесу барысында ректор құрметті қонақтарды университет жетістіктерімен таныстырып, алдағы жоспарлары туралы айтты.

Сондай-ақ тараптар жүздесуде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтетін ауқымды іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, өзара ақпараттық қолдау көрсету және ақпарат алмасуда бірлесіп жұмыс істеу мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы университет басшылығына алғыс айтып, серіктестікке бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. «Қазақ газеттері» құрамына қазір 12 басылым кіреді. Олар: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі