“Ана тілі аруы, Жігіт сұлтаны” байқауына "Интеллектуалды басқару жүйесі" мамандығының 3 курс студенті Ахметжан Бексұлтан қатысып, финалға жолдама алды.

16 қараша, 2023

2023ж. қараша айының 15-і күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі түрде “Студенттер Сенаты” ұйымының ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан “Ана тілі аруы, Жігіт сұлтаны” байқауының жартылай финалы өтті. Жарысқа 300 ге жуық ару қыздарымызбен, ер азаматтарымыз қатысып, бақ сынаған болатын. Жарысқа Ақпараттық технологиялар факультетінің "Жасанды интеллек және Big Data" кафедрасының "Интеллектуалды басқару жүйесі" мамандығының 3 курс студенті Ахметжан Бексұлтан қатысып, финалға жолдама алды.  Ахметжан Бексұлтан белсенді, талантты студенттердің бірегейі. Студентіміз Бексұлтан домбыраның құлағында ойнайды. Тек өнерден ғана емес, білімненде озат студентімізге финалға сәттілік тілейміз. Куратор-эдвайзері: Т.С.Сарсембаева