Байлық байлық емес, бірлік – байлық

15 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы А.А. Есекеева 303 - ші оқу тобы студенттерімен  2023 жылдың 15 қарашасында, тұрақты дамудың 17 мақсаты бойынша іс-шара өткізді. ТДМ-ның 17 мақсаттарының ішіндегі 16-шы мақсаты, яғни бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар  туралы өткен күн мен болашаққа қойылған мақсаттарды салыстыра отырып, аса маңызды баяндамалар тыңдалып, көпшілікке қажетті тың ақпараттар ортаға салынды. Дана халқымыз, «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бейбітшілік, бірлік сақтау, соғыстың отын тұтатпау ашық аспан үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселеге байланысты іс- шараға қатысушылар өз ой пікірлерін білдірді.