- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалау кеңсесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша республикалық оn-line олимпиадасын өткізілуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалау кеңсесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша республикалық оn-line олимпиадасын өткізілуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалау кеңсесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша республикалық оn-line олимпиадасын өткізілуде.
Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасымен ұйымдастырылуда.
Олимпиаданы өткізу тәртібі бойынша:
Бірінші кезең – 2023 жылдың 10-қарашасынан 15-қарашаға дейін Олимпиада қатысушыларын on-line тіркеу.
Екінші кезең – Олимпиаданың өзі. Олимпиада екі турдан тұрады.
Бірінші тур – 2023 жылдың 16 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін тестілеу. 60 тест сұрақтары беріледі, оларды шешу үшін 60 минут уақыт бөлінеді. Тест сұрағының бір дұрыс жауабы бір баллға теңестіріледі. Ең жоғары балл мөлшері – 60 балл. 30 және одан да жоғары балл жинаған студенттер екінші турға жіберіледі.
Екінші тур 2023 жылдың 17-қараша мен 22-қараша аралығында оn-line режимде өтеді. «Парасаттылық қағидаларын қалыптастыру және дамыту сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимылдың негізі ретінде» тақырыбында ғылыми жобаның бейнефайлын adilek03@mail.ru поштасына ұсыну (жүктеу) қажет. Бейнефайлдың максималды ұзақтығы – 3 минут.
Екінщі турды бағалау критерийлері:
- Ұсынылған материалдың өзектілігі, нысаны мен сапасы – 25 балл;
- Жобаның ғылыми жаңалығы – 25 балл;
- Жобаның ерекшелігі мен креативтілігі – 25 балл;
- Жобаның тәжірибелік маңыздылығы – 25 балл .
Ең максималды балл мөлшері – 100.
Бірінші кезеңінің келесідей қатысушылар өтті. Құттықтаймыз!
Екінші кезеңге сәттілік тілейміз!