Білім берудің ең өзекті мәселесі – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, елін сүйетін патриот тұлғаны қалыптастыру, құнды қасиеттерге ие болу. Қазіргі кезде патриотизм тақырыбы оның ішінде Қазақстандық патриотизм мәселесі қоғамдық, мемлекеттік, мәдени, рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Олай болса, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбиенің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек. Өз халқының тарихын білу, еліңнің кешегі және бүгінгі батырларын мақтаныш ету, бабалар рухына сай ұрпақ болып қалыптасу – патриотизмнің басты бөлігі болып табылады.
Бейіндік мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара Академиясының майоры Ә.Әділгерей және шекарашы курсанттармен патриоттық тәрбие беру мен ер-азаматтық рухты көтеру мақсатында ұйымдастырылған кездесу жоғары деңгейде өтті. Кездесу соңында, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы м.а. С.А. Сартаев қолы қойылған Алғыс хатты мектеп директоры К.А. Есенова табыстады.