ДӘРІС

17 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Криминалистикалық сараптамалар» мамандығының 1 курс магистранты Әлімғазы Гүлмарал 2023 жылдың 14 қарашасында Алматы қаласының М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектебінің 10-11 сынып оқушыларына БҰҰ "Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар" ТДМ №16 бағытының аясында «Қоғамдық қатынастарды цифрландыру жағдайында баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушылар үлкен қызығушылық танытты, бұл олардың цифрлық технологияларды саналы және қауіпсіз пайдалануға дайындығын көрсетеді. Біз мектеп оқушыларының алған білімі олардың күнделікті өмірінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, онлайн-ортада жауапты мінез-құлықтың негізін қалайтынына сенімдіміз.