Әзірбайжан мен Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тәжірибесі
Тұрақты даму бастамасы аясында 2023 жылдың 16 қарашасында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD Битабарова Ж.А. ZOOM платформасы арқылы БМУ және ҚазҰУ 2 курс магистранттарымен ғылыми вебинар өткізді. Іс-шара тұрақты дамудың үш мақсатына, атап айтқанда №7 мақсат – қолжетімді және таза энергияға, №13 мақсат – климаттың өзгеруіне қарсы күреске, №12 мақсат – жауапты тұтыну мен өндіріске арналды. Вебинардың тақырыбы Әзірбайжан мен Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тәжірибесіне арналды, сонымен қатар осы саладағы сот тәжірибесі қарастырылды. Онлайн форматтың арқасында көптеген кафедра оқытушылары мен Қытайдан келген магистранттар қатыса алды. Іс-шара жаңартылатын энергия көздері саласындағы білімнің таралуына ықпал етті.