«Махамбет оқулары»

15 қараша, 2023

2023 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында  республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қалалық  кезеңі өтті. Байқауда мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау бойынша бақ сынасты. Бұл шараға А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы   Ж.Ә.Абдрахманова    қазылар құрамының алқасында  әділқазылық жасады.