ҚазҰУ-да әлем ғалымдары көші-қон мәселесін талқылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қауіпсіздік және тұрақты даму контекстіндегі Еуразиядағы көші-қон: ынтымақтастықтың негізгі тенденциялары, сын-қатерлері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Форумға шетелдердің ғалымдары, консулдық корпустың өкілдері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Халықаралық ғылымды дамыту орталығы директорының орынбасары Олег Есенов, ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің Алматыдағы басшысы Бақытжан Бөлегенов, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы Орталық Азиядағы өкілі Думитру Липкану, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы ХКҰ Миссиясының басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестіруші Зейнал Гаджиев, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматыдағы өкілі Властимил Самек және т.б.қатысты.
Форумның отырысы гибридтік форматта өтті. Қатысушыларды басқарма мүшесі – ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмила Айтжанова қарсы алды. Конференцияға әлемнің 10-нан астам елінен, соның ішінде Бразилия, Үндістан, Иран, Түркия, Жапония, Португалия, АҚШ, Франция, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және т.б. сарапшылар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері жиналды.
Қазіргі көші-қон процестері халықаралық қатынастар жүйесінің тұрақты трансформациясының ажырамас бөлігі болып табылады және қоғамдағы негізгі үрдістерді көрсетеді. Еуразиялық кеңістіктегі көші-қон барлық жаһандық үрдістерді көрсетеді және тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және орнықты дамудың көрсеткіші болып табылады. «Осы конференция аясында БҰҰ - ның Тұрақты даму мақсаттарымен байланысы атап өтіледі, өйткені біздің университет БҰҰ-UNAI (Академиялық ықпал) бағдарламасының жаһандық хабы. БҰҰ-ның Жаһандық Хабы ретінде университет тұрақты дамудың барлық 17 мақсатын алға жылжытады және оларды іске асыру үшін көпжақты ынтымақтастықты тұрақты кеңейтуге дайын. Конференция жұмысы нәтижелі, мазмұнды және мағыналы болатынына сенімдімін, ал қатысушылар қауіпсіздік және орнықты даму контекстінде көші – қон мәселелері бойынша көпжақты диалогты одан әрі ілгерілету туралы шешімге келетінлдігіне сенімдімін», – деді проректор Ж.Айтжанова.
Модератор ретінде халықаралық қатынастар бойынша PhD, ҚазҰУ жанындағы БҰҰ бойынша ақпараттың өңірлік ресурстық орталығының директоры Лейла Деловарова сөз алып, соңғы ширек ғасырдағы еуразиялық кеңістіктегі көші-қон процестерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін факторлардың бірі ретінде әлеуметтік-экономикалық, этномәдени, сондай-ақ осы кеңістіктегі тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және тұрақты дамудың көрсеткішіне айналғанын атап өтті.
Форум барысында панельдік сессиялар өтіп, онда көші-қон мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалып, пікірталас жүргізілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі