ТДМ 17.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары теллуриялық токтарды тіркеуге арналған құрал жасайды.

17 қараша, 2023

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің ғалымдары электрмен қамту саласындағы ысыраптар мен ірі апаттық жағдайлардың алдын алу бойынша зерттеу жүргізуде. Жоба «Геомагнитті индукцияланған токтардың магистральдық электр таратушы желілері мен мұнай-газ құбырларына әсер етуін бағалау критерилерін әзірлеу» деп аталады.

Ғылыми жобаның өзге дүниежүзінде бар аналогтарынан ерекшелігі – зерттеулердің тұңғыш рет Азия мен Еуропаны байланыстыратын транзитті теміржолдар, ұзаққа созылған мұнай құбырлары бар және алысқа таралған магистралды электр желілері орналасқан аумақта жүргізілуінде. Осылайша, ҚазҰУ физиктері геоэффективті күн сәулелік құбылыстардың технологиялық жүйелерге әсерін зерттеп жатыр. Жаңа әзірлеменің көмегімен бүгінде мемлекеттің энергетикалық жүйесінің қауіпсіз жұмыс жасаудағы мәселелерін шешуге мүмкіндік пайда болады. Ол өз кезегінде Қазақстан экономикасының, соның ішінде энергетика, мұнай-газ саласы, транспорттық логистика секілді стратегиялық маңызды салалардың белсенді дамуы үшін аса қажет. Жобаға физика-математика ғылымдарының кандидаты Сәуле Мұқашева жетекшілік етеді. Ғалымның айтуынша жобаның келешегі зор. Оны енгізу кезінде мамандар Қазақстан аумағында геомагниттік индукцияланған токтардың пайда болу жиілігі мен қарқындылығын есепке алады. Бұл мемлекеттің энергетикалық желісінің апатсыз жұмыс істеуінің 15-20% тиімділігін қамтамасыз етеді. Жоба бойынша ғалымдар рейтингтік, рецензияланатын басылымдарда, халықаралық конференциялардың жинақтарында 20 ғылыми жұмыс жариялады: 4 (Scopus); 4 (РИНЦ); 5 (КОКСНВО); 7 (халықаралық конференциялардың материалдарында).Ғылыми зерттеу 2023 жылдың соңына дейін жалғасады және және жобаны іске асыру барысында теллуриялық токтарды тіркейтін құрылғының үлгісі жасалды.

Теллуриялық токтарды тіркейтін құрылғы үлгісінің жасалуы жобаның нәтижелерін болашақта коммерциализациялауға жол ашады. Айта кету керек, мұндай құрылғының тікелей аналогы нарықта жоқ. Жобаны әзірлеуші ғалымдар өнертабысқа патент алды және оны тұтынушылар электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» мен «Азиатский газопровод» компаниясы.