МУЗЕЙДЕГІ СОЛ БІР КЕШ

16 қараша, 2023

МУЗЕЙДЕГІ СОЛ БІР КЕШ
  Мемлекеттік орталық музейде 2023 жылдың 16 қарашасында Халықаралық студенттер күніне арналған «МУЗЕЙДЕГІ СОЛ БІР КЕШ»  атты мәдени- танымдық кеш болып өтті. Кешке Алматы қаласындағы ЖОО мен колледж студенттері қатысты. 
  Кеш қонақтары: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, театр және кино өнерінің хас шебері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің  иегері Болат Әбділманов, Қазақстанның  еңбек сіңірген өнер қайраткері,  суретші, сценограф Есенгелді Тұяқов және кәсіпқой боксшы Қанат Ислам болды.
     Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы ұйымдастырылып отырған мәдени іс-шараның бағдарламасымен таныстырып, музейге келген студенттерге жақсы лебіз білдірді. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Орталық музейдің әр залында өткен шараларға қатысып, көптеген ақпараттар алды.