Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым
17.11.2023 ж. мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Жұмадилова Н.С. 105-топ студенттерімен ТДМ-4 «Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым» тақырыбының аясында дөңгелек үстел өткізді. Көптеген дамушы елдерде әлі күнге дейін негізгі инфрақұрылым – жолдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, кәріз жүйесі, электр энергиясы, сумен жабдықтау жетіспейді. Мысалы, әлем халқының жартысы Интернетке қол жеткізе алмауда, яғни олар онлайн білім алуға, жұмысқа орналасуға, денсаулықты сақтау мен санитарлық кеңестерді алудан шет қалуда. Дөңгелек үстелдің барысында студенттер индустрияландыру саласындағы өзекті тақырыптарды талқыға салып, аталған мәселелерді шешу үшін дайындаған ұсыныстарын ортаға салды.